25.04.2019
ШҚМУ-да «Ұлы мәртебелі Биология» зияткерлік байқауы өтті
25 сәуірде Биология кафедрасында ЖҒжТФ әдістемелік онкүндігі аясында «Ұлы мәртебелі Биология» зияткерлік байқауы өтті.
Конкурсқа биолог студенттердің үш командасы қатысты.
Байқау мына кезеңдерден, шығармашылық тапсырмалардан тұрды: командаларды таныстыру, «Сұрақ-жауап», «Нысана», «Адаспа…», «Биологиялық әртүрлілік», үй тапсырмасы, капитандар блиц-турнирі.
Іс-шараны ұйымдастырушылар – Ж. Игісінова, Б. Кәрменова және Г. Қабдуәлиева.
Баспасөз қызметі