С. Аманжолов атындағы ШҚМУ ректоры, профессор М.Ә. Төлеген ресми іссапармен О. Кутафин атындағы Мәскеу мемлекеттік заң университетінде болды.
Сапар аясында Ресейдегі Қазақстан елшілігінің қолдауымен ынтымақтастық меморандумына қол қойылды.
Кездесуге қазақстандық тараптан елшілік кеңесшісі Н. Андасов та қатысты. Ал Ресей тарабынан ММЗУ ректоры В. Блажеев, оның кеңесшісі Е. Братцева, халықаралық ынтымақтастық жөніндегі проректор Д. Кутафин, халықаралық ынтымақтастық басқармасының басшысы К. Машкова болды.
2016 жылы аталмыш университет 85 жылдығын атап өткен. Бүгінде оқу орнының 14 институты, 3 филиалы, 31 кафедрасы, 20-дан астам ғылыми мектебі бар. Оқытушылары 890-нан асады, 180-і доктор, 520-сы кандидат. Университетте 13 мың студент, 400 аспирант, 350 шетелдік азамат оқиды.
Халықаралық ынтымақтастық және шетел студенттерін тарту бөлімі