19.06.2019 ШҚМУ ректоры университеттің жүлдегер спортшыларын құттықтады С. Аманжолов атындағы ШҚМУ ректоры М.Ә. Төлеген елдегі 62 жоғары оқу орны арасындағы Х жазғы Универсиадада 6 орын алған университеттің спортшы студенттерін құттықтады. Универсиада 3 сәуір мен 12 маусым аралығында өтіп, Ақтөбе қаласында аяқталды, оған 4 мыңнан астам студент қатысты. Оқу орны тарихында тұңғыш рет ШҚМУ жазғы Универсиадада жүлделі орын алды. 143 студенттен тұратын ШҚМУ құрама командасы жалпыкомандалық есепте 6 орын алып, Білім және ғылым министрлігінің үлкен кубогын иеленді. ШҚМУ командасы 37 спорт түрінің 17-сі бойынша сайысты. Жоғары оқу орнының ректоры, ПҒА академигі Мұхтар Әділбекұлы Төлеген атап өткендей, университетте спортты дамытуға жіті көңіл бөлінеді, әсіресе бұл Жастар жылында өте өзекті. – Біз Сіздерді мақтан тұтамыз! Бұл жеңіске күнделікті ауыр еңбектің, жаттығулардың арқасында жетіп отырсыздар. Алдағы уақытта да спортты өркендетуге айырықша көңіл бөлетін боламыз. Университет тарихында алғаш рет жазғы Универсиадада 6 орынға жетіп отырмыз, ал қысқы Универсиадада біздің оқу орнымыз әрдайым үздік үштіктен табылады, – деді Мұхтар Төлеген. Атап өтер болсақ, 2005 жылы ШҚМУ 15 орын алған-ды, 2007 жылы спорттың 7 түрі, 2009 жылы 3 түрі бойынша қатысқан, ал 2011 жылы студенттеріміз спорттың 13 түрі бойынша сайысып, 21 орыннан көрінген еді. ШҚМУ ректоры жеңіл атлетикадан 1 орын, ұлдар мен қыздар арасындағы Президенттік көпсайыстан, ұлдар арасындағы волейболдан 2 орын, ұлдар мен қыздар арасындағы жағажай волейболынан, оқ атудан, бадминтоннан 3 орын алған жүлдегер спортшы студенттерді құттықтады. Іс-шара аясында Мұхтар Төлеген армрестлинг бойынша Азия чемпионы атанған (Қырғызстан, 6-12 маусым) дене шынықтыру және спорт мамандығының 1 курс студенті Данияр Ауданбекті және гір спортынен Азия чемпионы (Өзбекстан, 7-12 маусым) атанған Жоғары колледждің 2 курс студенті Айбол Сләмбековті де құттықтады. Спортшылардың оқытушы-жаттықтырушылары ректордың грамоталарымен марапатталды. Оқу орны басшысының ұсынысы бойынша спортшылар жаңадан ашылған «STUDENT» фитнес-орталығына тегін бару құқығына ие болмақ. Суреттер сілтемесі https://cloud.mail.ru/public/3LKJ/24uwXigSF Баспасөз қызметі View the full image View the full image View the full image View the full image View the full image View the full image View the full image View the full image View the full image View the full image View the full image View the full image View the full image View the full image View the full image View the full image View the full image View the full image View the full image View the full image View the full image View the full image View the full image View the full image View the full image View the full image View the full image View the full image View the full image View the full image View the full image View the full image View the full image View the full image View the full image View the full image View the full image View the full image View the full image View the full image View the full image View the full image View the full image View the full image View the full image View the full image View the full image View the full image View the full image View the full image View the full image View the full image