С. Аманжолов атындағы ШҚМУ ректоры М.Ә. Төлеген елдегі 62 жоғары оқу орны арасындағы Х жазғы Универсиадада 6 орын алған университеттің спортшы студенттерін құттықтады.
Универсиада 3 сәуір мен 12 маусым аралығында өтіп, Ақтөбе қаласында аяқталды, оған 4 мыңнан астам студент қатысты. Оқу орны тарихында тұңғыш рет ШҚМУ жазғы Универсиадада жүлделі орын алды.
143 студенттен тұратын ШҚМУ құрама командасы жалпыкомандалық есепте 6 орын алып, Білім және ғылым министрлігінің үлкен кубогын иеленді. ШҚМУ командасы 37 спорт түрінің 17-сі бойынша сайысты.
Жоғары оқу орнының ректоры, ПҒА академигі Мұхтар Әділбекұлы Төлеген атап өткендей, университетте спортты дамытуға жіті көңіл бөлінеді, әсіресе бұл Жастар жылында өте өзекті.
– Біз Сіздерді мақтан тұтамыз! Бұл жеңіске күнделікті ауыр еңбектің, жаттығулардың арқасында жетіп отырсыздар. Алдағы уақытта да спортты өркендетуге айырықша көңіл бөлетін боламыз. Университет тарихында алғаш рет жазғы Универсиадада 6 орынға жетіп отырмыз, ал қысқы Универсиадада біздің оқу орнымыз әрдайым үздік үштіктен табылады, – деді Мұхтар Төлеген.
Атап өтер болсақ, 2005 жылы ШҚМУ 15 орын алған-ды, 2007 жылы спорттың 7 түрі, 2009 жылы 3 түрі бойынша қатысқан, ал 2011 жылы студенттеріміз спорттың 13 түрі бойынша сайысып, 21 орыннан көрінген еді.
ШҚМУ ректоры жеңіл атлетикадан 1 орын, ұлдар мен қыздар арасындағы Президенттік көпсайыстан, ұлдар арасындағы волейболдан 2 орын, ұлдар мен қыздар арасындағы жағажай волейболынан, оқ атудан, бадминтоннан 3 орын алған жүлдегер спортшы студенттерді құттықтады.
Іс-шара аясында Мұхтар Төлеген армрестлинг бойынша Азия чемпионы атанған (Қырғызстан, 6-12 маусым) дене шынықтыру және спорт мамандығының 1 курс студенті Данияр Ауданбекті және гір спортынен Азия чемпионы (Өзбекстан, 7-12 маусым) атанған Жоғары колледждің 2 курс студенті Айбол Сләмбековті де құттықтады.
Спортшылардың оқытушы-жаттықтырушылары ректордың грамоталарымен марапатталды.
Оқу орны басшысының ұсынысы бойынша спортшылар жаңадан ашылған «STUDENT» фитнес-орталығына тегін бару құқығына ие болмақ.
Суреттер сілтемесі https://cloud.mail.ru/public/3LKJ/24uwXigSF
Баспасөз қызметі