23.09.2016
ШҚМУ студенттері брейн-ринг облыстық ойындарына қатысады
С. Аманжолов атындағы ШҚМУ студенттері «Жас Отан» жастар қанатымен бірге брейн-ринг облыстық зияткерлік ойындарына қатысады.
Бүгін ҚР Мемлекеттік қызмет істері Министрлігінің ШҚО бойынша Департаменті «Ашық есік күндерін» жариялайды. Антикоррупциялық мәдениетті қалыптастыруға бағытталған кешенді шаралар шеңберінде брейн-ринг ойыны да ұйымдастырылады.
Аталған ойын аяқталған соң Департамент бойынша экскурсия жүргізіліп, жемқорлықпен күресудің әдіс-тәсілдері туралы айтылады.
Өткізу орны мен уақыты: 23 қыркүйек, 16.00.
Өткізу орны: ҚР Мемлекеттік істері Министрлігінің ШҚО бойынша департаменті.
Мекенжайы: Тәуелсіздік даңғылы, 4, 4 қабат, акт залы.
Баспасөз қызметі