С. Аманжолов атындағы ШҚМУ-да университет пен Білім және ғылым министрлігінің Дүниежүзілік банктің қолдауындағы бірлескен жобасы – Robolab оқу-роботты техникалық зертханасының салтанатты ашылуы өтті.
Жыл сайынғы «Бірінші курс студенттері – 2019» байқауының екінші күні Экономика және құқық факультетінің, сондай-ақ Психология, педагогика және мәдениет факультетінің студенттері өнер көрсетті.
С. Аманжолов атындағы ШҚМУ-да дефектология мамандығының магистранттары педагогикалық іс-тәжірибеден өтті. Логопед және Дефектолог күндері аясында магистранттар дефектология мамандығының студенттерімен олимпиада өткізді.
Барнаулдағы Алтай мемлекеттік университетінің базасында «Облепиха» IV өңіраралық театралдық фестиваль-байқауы өтті. Оған Ресейдің 6, Қазақстанның 2 қаласынан жастар жиналды.
С. Аманжолов атындағы ШҚМУ-дың жас ақындары А.С.Пушкин атындағы облыстық кітапханада өткен жерлес ақын Ақтан Нұрбаевты еске алуға арналған жас ақындар мүшәйрасында жүлделі орындарды жеңіп алды.
С. Аманжолов атындағы ШҚМУ-дың Шет тілдері және аударма ісі кафедрасында волонтер Ким Ми Хянг (Пусан қ., Оңтүстік Корея) «Путкыльси – корей каллиграфиясы өнері» сабағын өткізді.