18.02.2019
ШҚМУ Жоғары колледжінде «Үздік заңгер» олимпиадасы өтті
С. Аманжолов атындағы ШҚМУ Жоғары колледжінде заң пәндері апталығына орай құқықтану мамандығы студенттері арасында «Үздік заңгер» олимпиадасы өтті.
Олимпиада мақсаты – студенттердің кұқықтық білімін жетілдіру, заң алдындағы жауапкершіліктерін арттыру, ой-өрісін дамыту, патриоттық, адамгершілік тәрбие сіңіру.
Қорытынды бойынша 3 орынды Нұртілек Тұрсынқанов, 2 орынды Жанбота Жәнібекова, 1 орынды Рахат Нұрлыхан иеленді, Аружан Сейсенова «Сөз шебері» номинациясын жеңіп алды.
Ж. Қарсақбаева,
колледж оқытушысы