ТАРИХ ЖӘНЕ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚАТЫНАСТАР ФАКУЛЬТЕТІ
(ҚР, Өскемен қаласы, С.Аманжолов атындағы ШҚМУ бас ғимараты, 30-шы Гвардиялық дивизия көшесі, 34 үй, деканның кабинеті - 306, деканат- 309, тел: 540-387).
ТАРИХ ЖӘНЕ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚАТЫНАСТАР ФАКУЛЬТЕТІНІҢ ДЕКАНЫ
Ахметова Гүлжан Мырзамұхамбетқызы - ШығысҚазақстан мемлекеттік университетінің «Қазақстан тарихы» кафедрасының доценті. 1994 жылы ШҚМУ университетінің «Тарих» факультетін «Тарих» мамандығы бойынша аяқтады. 1996 жылы осы мамандықтың магистрлік мектебін, 2002 жылы 07.00.02 – «Отан тарихы» – Қазақстан Республикасының тарих мамандығының аспирантурасын аяқтады. 2003 жылы қаңтарда тарих ғылымдарының кандидаты ғылыми дәрежесін алу үшін « ХІХ ғ. аяғы мен ХХ ғ. басындағы солтүстік-шығыс Қазақстанның сауда буржуазиясы» атты тақырыбы бойынша диссертация қорғады, ғылыми жетекшісі т.ғ.д профессор С.К. Игібаев. Баспадан 30- ға жуық ғылыми- әдістемелік жұмысы, сондай-ақ үш оқу- әдістемелік құралы шықты. Университетте 1994 жылдан оқытушы, С. Аманжолов атындағы ШҚМУ Қазақстан тарихы кафедрасында аға оқытушы, 2000-2006 жж. Көпсалалы колледждің сыртқы бөлімінің меңгерушісі, С.Аманжолов атындағы экономика және құқық институтының үздіксіз кәсіптік бөлімінің меңгерушісі, С.Аманжолов атындағы ШҚМУ-дың тарих, психология және мәдениет институты директорының орынбасары, нормативті бөлім басшысы, әдістемелік бөлім басшысы қызметтерінде еңбек етті. 2007 жылдың қыркүйегінен 2008 жылдың тамызына дейін С. Аманжолов атындағы ШҚМУ оқу ісі жөніндегі проректоры болып, ал 2008 жылғы тамыздан Тарих және халықаралық қатынастар факультетінің деканы қызметіне ауысты.
ТАРИХ ЖӘНЕ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚАТЫНАСТАР ФАКУЛЬТЕТІ
Өскемен педагогикалық институты бөлімдерінің қалыптасу тарихы 1956 жылы, бұрынғы филология факультеті тарих- филологиялық болып қайта құрылды.Факультет тұңғыш қабылданған 75 адамды құрады. Базалық пәндер- тарих және филология – пәндерінің оқу жоспарына сай жоспарланып жүргізілді. 1961 жылы тарих- филология факультетіне соңғы қабылдау жасалды. Одан кейін екі мамандыққа өз алдына жеке статустар беріліп, оқу жылын 4 жылға азайту туралы шешім қабылданды. 1965 жылдан факультет, іс жүзінде екі әр түрлі жалпы оқу жоспарымен байланыспайтын мамандықтар формальды түрде ғана бірікті. 1971-1985жж. факультет, «Тарих- педагогика» пәніне сай оқу жоспары бойынша 5 жыл оқу мерзімімен жұмыс жасады.
Студенттер « Тарих, қоғамтану мұғалімі және тәрбие жұмысы бойынша әдіскер» біліктілігін алған.
1968 ж факультетке қосымша « Музыка және ән» мамандығы енгізілді.Ол жеке факультет болып 1972 жылы бөлінді. Ал, «Бастауышты оқыту педагогикасы мен методикасы» 1982 жылы өзі жеке бөлінді.
Жыл сайынғы студенттерді қабылдау 25 тен 75 адамға дейін жетті. Оқу қазақ және орыс тілдерінде жүргізілді.
1985 жылдан факультетке «Тарих, кеңес мемлекетінің негізі және құқық» мамандығы енгізілді, жыл сайынғы қабылдау 50 адамнан тұрды. Өскемен педагогикалық институты 1991 жылдан Шығыс Қазақстан мемлекеттік университеті статусын алғаннан кейін, мамандарды көпдеңгейлік дайындыққа көшу басталды.
2002 жылдан европалық стандартты оқытуға көшіру жұмыстары басталды, заманға сай мамандықтар дайындау күрделенді.
1995-2000 жж. тарихшылар 3 оқу жоспары бойынша оқытылды. Бірінші бөлім- « Қазақстан тарихы» оқу жоспары бойынша, екіншісі - «Шет тілін тереңдетіп оқыту мен дүние жүзі тарихы», ал келесі – «Дүние жүзі тарихы» оқу жоспары бойынша оқу үрдісі жүргізілді. 2000 жылы «Тарих» және «Тарих және география», «Елтану», «Халықаралық қатынастар» мамандықтары енгізілді.
2001 жылы «Өлкетану», «Тарих, құқық және экономика негіздері» мамандығы ашылды. «Тарих және география» және «Тарих, құқық және экономика негіздері» мамандықтары мұғалімдер дайындайтын болып топталды.
2005 жылы ШҚМУ факультетінің құрамына қайта оралу болды, тарихшылар мен халықаралықшыларды, заңгерлер мен тарих, құқық және халықаралық қатынастар факультетіне біріктірілді.
2006 жылы психологтар мен педагогтар, тарихшылармен біріктірілді. Жаңа құрылым тарих, психология және педагогика факультет атауын алды. «Тарих, құқық және экономика» мамандығы «Құқық және халықаралық қатынастар» факультеті құрамына қосылды. Ал, 2006 жылы «Елтану» мамандығы бойынша соңғы түлектер шығарылды.
2006 жылы Тарих және халықаралық қатынастар факультетін құру туралы шешім қабылданды.
Бірінші декан болып 1956 жылы тәжірибелі қоғамтанушы және халқаралықшы негізінде білікті халықаралық лекторлық тобының жетекшісі болған М.Г. Кишеня тағайындалған.
Оның декан қызметіндегі ізбасарлары С.Е. Дейнекин (1958-1960) және 1982 жылға дейін факультет жетекшісі болып жұмыс істеген
В.И. Петров ( үш жыл үзіліспен) болды. Факультетті одан кейінгі уақыттарда т.ғ.к.,доцент В.В. Романов, т.ғ.к., доцент И.А. Полтаранин, т.ғ.к., доцент В.С Федоров, т.ғ.к., профессор М.Г Дементьев, т.ғ.к., доцент А.С. Жанбосынова, з.ғ.қ доцент., М.М. Нарбинова, п.ғ.қ., С.Э. Ковалев, ф.ғ.д., К.Б. Ахметжанова басқарды. 2008 ж тарих және халықаралық қатынастар факультетінің деканы болып т.ғ.к. доцент Ахметова Г.М тағайындалды.
ФАКУЛЬТЕТ МАМАНДЫҚТАРЫНЫҢ ТІЗІМІ
«050202» - Халықаралық қатынастар
«050114» - Тарих
«050502» - Саясаттану
Магистратура
«6N0203»- Тарих,
«6N0201»- Философия,
ФАКУЛЬТЕТТІҢ, ФАКУЛЬТЕТ КАФЕДРАЛАРЫНЫҢ ҒЫЛЫМИ ҚЫЗМЕТІНІҢ НЕГІЗГІ БАҒЫТТАРЫ
Факультет үш кафедрадан тұрады:
1. Қазақстан тарихы кафедрасы
2. Халықаралық қатынастар және шет елдер тарихы кафедрасы
3. Философия және әлеуметтік- саяси теориялар кафедрасы
Кафедраның негізгі ғылыми қызметі келесі бағыттар бойынша жүреді:
Қазақстан тарихы кафедрасы
1. Тарихнама және жалпы тарих және Қазақстан тарихы деректану өзекті мәселелері;
2. Халықаралық тарихтың өзекті мәселелері;
Халықаралық қатынастар және шет елдер тарихы кафедрасы
1. Қазақстанның сыртқы саясатының өзекті мәселелері;
2. Қазақстан шекаралас аудандарының көрші мемелекеттермен қарым-қатынасындағы өзекті мәселелер;
3. Тілді оқыту әдістемесінің өзекті мәселелері;
4. Еуропа және Азия халықтары тарихының өзекті мәселелері;
Философия және әлеуметтік- саяси теориялар кафедрасы
1. Қоғам трансформациясы және адам саясаттың субьектісі және обьектісі ретінде
2. Тарихи типтер және рационалдану шегі
3. Қазіргі өркениеттегі адам
Факультеттің профессорлық- оқытушылық құрамының ғылыми- зерттеу қызметі әр түрлі қызмет түрінен тұрады:
1. Кандидаттық және докторлық диссертацияны қорғау 1997-2007 жылдары 11 кандидаттық және 3 докторлық диссертация қорғауы өтті. 9 кандидаттық дисертацияның қорғауы ШҚМУ-дың Отан тарихы бойынша Диссертациялық кеңесінде өтті. Қорғаған оқытушылар тек ШҚМУ-нің ғана емес, өзге де оқу орнының оқытушылары болды. Бүгінгі таңда, Тарих және халықаралық қатынастар факультетінде 17 кандидат және 3 доктор қызмет етіп, олар жалпы оқытушылар санының 35 пайызын құрайды.
2. Ғылыми өнім шығымы: монографиялар,мақалалар,тезистер. Он жыл ішінде факультет оқытушылары 500-ге жуық ғылыми мақалалар және монографиялар жазды, олардың ішінде маңызды орын алатын жұмыстар:
1. Игібаев С.К., Түрік қағанатының құрылуы және құлауы -Өскемен,2004
2. Алекесеенко Н.В Қазақстанның тарихи демографиясы -Өскемен,2001
3. Федорова Р.С Тарихи өлкетану және мұрағаттану негіздері -Өскемен,2002
4. Полтаранин И.А, А.А Кауфманның тарихи көз қарастары -Өскемен, 2002
3. Әр түрлі деңгейдегі конференцияларға қатысу: университеттік, аудандық, республикалық, халықаралық. Факультет оқытушылары әр түрлі конференцияларды дайындауға қатысады, олардың ішінде «Аманжолов оқулары», «Қазақстанда және сырт территориялардағы этнодемографиялық үрдіс», «Жидков оқулары» және басқалар.
4. Шаруашылық келісімдер және мемлекеттік бюджеттік зерттеулерге қатысуы.
Соңғы он жыл ішінде факультет оқытушылары бірнеше ғылым жобаларға қатысты. Солардың ішінде:
1. «ШҚО демографиясының паспорты». Жетекші профессор Алексеенко А.Н
2. «ШҚО әйелдерінің репродуктивті орналасуы». Жетекші профессор Алексеенко А.Н
3. «Шығыс Қазақстан энциклопедиясы»- жетекші: профессор Алексеенко Н.В
4. «ШҚО-ның мұғалім кадрларының қажеттілік болжамы»- жетекші доцент Веремчук Л.П
5. «Түрік өркениеті кезеңдегі Алтай- Тарбағатай ауданы» жетекші профессор Игібаев С.К
5. Факультет оқытушылары түркология орталығының жұмысына қатысуы, демографиялық ҒТЗ
6. Факультетте магистратура және аспирантура бар.
Тарих және халықаралық қатынастар факультеті студенттерінің ғылыми - зерттеу жұмыстары келесі бағыттар бойынша жүргізілді:
1. Студенттердің ғылыми конференцияларының өтуі. Жыл сайын факультет студенттерінің ғылыми конференциялары өткізіледі. Бұл конференцияға қатысушылар саны күннен күнге өсуде.
2007 жылы конференцияда 122 адам баяндама жасады, күндізгі болімнің әрбір бесінші студенті конференцияға тұрақты қатысады.
2. Студенттер жұмыстарының басылымы- ең жақсы студент жұмысы ШҚМУ жинақтарында басылды және жинақ баспаларға жіберілді.
3. Факультетте ғылыми үйірмелер жұмыс жасайды
- археологиялық;
- қазақстан тарихының өзекті мәселелері;
- интелектуалды тарих өзекті мәселелері;
4. Әр түрлі байқаулар, олимпиадалар өткізіледі, олардың ішінде: «Жыл тарихшысы», «Жыл халықаралықшысы», «Біз бәрін білеміз!», «Қазақстан тарихының білгірі»
5. Студенттердің СЭЗЖ республикалық байқауы өтеді.
6. « Шешен» дебат клубының жұмысы іске қосылған. Оған «Халықаралық қатынастар» мамандығының студенттері қатысады
7. Студенттер экологиялық, археологиялық ғылыми экпедицияларға қатысады
Факультет студенттері әр жыл сайын Шілікті қорғанындағы археологиялық экспедицияның жұмысына қатысады және этнологиялық материалдар жинау үшін облыс аудандарына барып тұрады.
ДЕКАНАТ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНІҢ ТІЗІМІ
1. Ахметова Гүлжан Мырзамұхамбетқызы - Тарих және халқаралық қатынастар факультетінің деканы, т.ғ.к. доцент.
2. Омарқанова Әсел Омарқанқызы - Тарих және халықаралық қатынастар факультетінің оқу - әдістемелік ісі бойынша декан орынбасары.
3. Жүнісова Эльзира Әуесханқызы - эдвайзерлер кеңесінің төрайымы.
4. Сайфуллина Нәсима Хариқызы - Тарих және халықаралық қатынастар факультетінің офис-регистраторы, сыртқы бөлімінің әдіскері.
5. Рамазанова Мәдина Сағынбайқызы - факультет хатшысы.
ФАКУЛЬТЕТТІҢ МАТЕРИАЛДЫҚ ТЕХНИКАЛЫҚ БАЗАСЫ
Факультет үлкен аудиториялық қорға ие, сонымен бірге дәрістік аудиториялар, олардың ішінде 327а – В.И.Петровтың тарихи әдістемелік кабинеті, сондай-ақ «Саясаттану» және «Халықаралық қатынастар» мамандығына арналған әдістемелік кабинеттер бар. 331 аудитория –қытай, неміс, ағылшын, түрік тілдерін оқытуға арналған лингафон аудиториясы. 310 аудитория- компьтерлік сынып, компьютерлер университет ішкі желісі арқылы интернетке қосылған.
Өз логин мен паролін иелене отырып студенттер мен оқытушылар университеттің, оқытушылардың жеке беттері мен сайтындағы электронды ресурстармен таныса алады. Бұл жерде тек информатика ғана емес ИТК пайдалана отырып, басқа да пәндерден сабақ алады. Факультет студенттері АМБ және МЭ бойынша пәндерден тексеру тестерінен өтуге мүмкіндіктері бар.
|