ШҚМУ кітапханасы «Рухани жаңғыру» бағдарламасының маңызды бір жобасы – «Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасы бойынша шығарылған жаңа оқулықтар келгенін хабарлайды. Өткен жылы аударылған 18 кітапқа тағы 30-ы қосылды.
Шара республикалық «Фотоөнер» бірлестігінің және әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың ұйымдастыруымен, сондай-ақ «Шығыс Ақпарат» медиахолдингінің, «Берел» музейінің қолдауымен өтті. Оған еліміздің түпкір-түпкірінен 15 фотоөнер шебері қатысты.
Жастар жылы аясында облыста жастар саясатына арналған төрт жаңа жоба іске асырылады. Аймақтық коммуникациялар қызметінде өткен арнайы брифингте облыс әкімінің орынбасары Әсем Нүсіпова жобаларға тоқталып, олардың іске асырылу барысы туралы мәлімдеді.
ШҚМУ-ды әлемдік білім беру кеңістігіне кіріктіру, оқытушылар мен студенттердің академиялық ұтқырлығын қамтамасыз ету, білім саласындағы халықаралық сапа стандарттарын енгізу мақсатында халықаралық ынтымақтастыққа ерекше мән берілуде.
С. Аманжолов атындағы ШҚМУ мен Алтай мемлекеттік университеті (Барнаул қ., Ресей) «Экологиядағы және табиғатты пайдаланудағы математикалық әдістер мен ақпараттық технологиялар» бірлескен білім беру бағдарламасын іске асыруда.
С. Аманжолов атындағы ШҚМУ-дың ғылыми жұмыс және халықаралық байланыстар жөніндегі департаменті Моңғолия, Өзбекстан, Қырғызстан, Қытай және Үндістан елдерінен студенттерді тарту жұмысын жүргізіп жатыр.
Ағымдағы жылы С. Аманжолов атындағы ШҚМУ-да шақырылатын оқытушылар сапасын арттыру стратегиясы таңдалып, оқытушыларға еңбекақы төлеудің Хирш индексіне тәуелді жүйесі әзірленді.