Соңғы екі жылдағы аралық аттестациялар қорытындыларының салыстырмалы талдауы ағымдағы оқу жылында бакалавриаттағы жалпы үлгерім көрсеткіші (82,8%) өткен жылға қарағанда 1,4 пайызға жоғары екенін көрсетті (2017-2018 оқу жылында – 81,4%).
С. Аманжолов атындағы ШҚМУ-да оқу орнының ректоры Мұхтар Төлегеннің бастамасымен қабылдау комиссиясының жаңа формат бойынша жұмыс істейтін фронт-кеңсесі ашылды. Қабылдау комиссиясының фронт-кеңсесі талондық жүйе арқылы электронды «бір терезе» қағидаты бойынша жұмыс істейді.
ШҚМУ-да биыл құрылған әскери кафедрада 2019-2020 оқу жылында студенттерді үш мамандық бойынша оқыту жоспарланып отыр: «Аумақтық қорғанысты ұйымдастыру және жоспарлау», «Құрлықтағы әскерде тәрбие және идеологиялық жұмысты ұйымдастыру», «Психологиялық жұмысты ұйымдастыру».
Жоғары оқу орнының оқу-әдістемелік жұмыс саласындағы маңызды міндеті – жоғары және жоғарыдан кейінгі білім мазмұнын заманауи үрдістер тұрғысында жаңарту.
С. Аманжолов атындағы ШҚМУ мамандары Автоматтандырылған ақпараттық жүйені (ААЖ) және Білім және ғылым министрлігінің жоғары білімді басқарудың бірыңғай жүйесін (ҚР БҒМ ЖБББЖ) үйлестіріп шықты.
Жаңа 2019-2020 оқу жылында С. Аманжолов атындағы ШҚМУ-да алыс шетел жоғары оқу орындарымен жаңа бірлескен білім беру бағдарламаларын әзірлеу және іске асыру жоспарлануда.
С. Аманжолов атындағы ШҚМУ-дың барлық білім беру бағдарламаларында бүгінде «Қоғамдық сананы жаңғырту» пәні оқытылады, ал жаңа оқу жылынан бастап «Қоғамға қызмет ету» жаңа пәнін енгізу жоспарлануда.